• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:47:02
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту мен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының мамандарымен бірлесіп, «Мирас» шағынауданының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында халыққа шағын аудандағы кәріз жүйесімен қамту және жол жөндеу мәселелерін шешу бойынша атқарылатын жұмыстар түсіндіріліп, сала мамандарына қатысты бірқатар тапсырмалар берілді.

Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес, Еңбекші ауданының тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында, биылғы жылдың соңына дейін жалпы көлемі 58,9 шықырымды құрайтын 57 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіліп, 13 көшеге кәріз жүйесін тартылатын болады.

Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір