• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

19 Қаңтар, 17:02:40
Алматы
+1°

Фото: Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Қала аумағындағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №359 бұйрығының талаптарына сәйкес Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық обьектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою бойынша көпқабатты тұрғын үйлерде орнатылған лифттерге сынақ жұмыстары жүргізілді.

Бүгінде Шымкент қаласы бойынша жалпы 513 лифт пайдаланылуда. Оның ішінде, 401 лифт көпқабатты тұрғын үйлерде орналасса, қалғандары денсаулық сақтау мекемелері, білім беру басқармасына қарасты мектептер, сауда орындарынды мен қонақ үйлерде орналасқан.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан бүгінде 112 лифтке сынақ жұмыстары жүргізіліп, лифттің төлқұжаттары түгенделіп тіркелді. Аталған қызмет электрондық түрде жүргізіліп, 27 лифт қондырғылары тіркеуге алынған.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Лифті қызметі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір