• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:22:42
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов қала әкімдігінің «Instagram» парақшасында тікелей эфирде сұхбат берді.

Басқарма басшысы автомобиль жолдары және қоғамдық көлік саласын дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті.

Тұрғындар тарапынан әлеуметтік желі арқылы 40-50-ге жуық сауал келіп түскен. Халықпен кері байланыс орнату мақсатында тікелей эфир барысында тұрғындар сауалына жауап берілді.

Шымкент қаласында бүгінгі күнге дейін 370 786 төлем картасы сатылып, 85 пайыздан астам транзакция электронды карта бойынша жасалды. 106100 оқушылар картасы, 30686 студенттік карта, 234000 стандартты карта сатылған.

Қалада жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес, қоғамдық көліктерді жаңарту бағдарламасы іске асырылуда. Бүгінде автобус паркі «Yutong» маркалы 300 жаңа, метан газымен жүретін автобуспен толыққан. Жыл соңына дейін тағы 290 жаңа автобус жолаушыларға қызмет көрсетпек.
Жолаушылар тасымалында 75 бағыт болса, оның 64 маршруты әлеуметтік маңызы бар санатқа жатады. Қараша айының соңына дейін «SHYMKENT BUS» тасымалдаушы компаниясы тарапынан 40 «Yutong» маркалы автобус әлеуметтік бағытта қызмет көрсетеді.

Қалада тұрғындарға сапалы әрі тұрақты қызмет көрсетуді жүйелендіру мақсатында автобустарды онлайн режимінде көруге арналған «I-kolik» мобильдік қосымшасы пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта 82000 адам аталмыш бағдарламаны қолдануда. Бағдарлама қала маршруттарының gps трекерлер арқылы орналасқан жерін көрсетеді.

Сондай-ақ, 2021 жылы қалада жалпы 182 нысан немесе 312,1 шақырым жолдар мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылған. 10 айдың қорытындысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілген 107 нысан, 161,4 шақырым жол пайдалануға берілді. 1 желтоқсанға дейін 63 нысан, 113,3 шақырым жол пайдалануға тапсырылады. 12 нысан, 37,4 шақырым жол құрылысы келесі жылға өтпелі.

Бүгінде 189,3 шақырым 158 ішкі орам көшелерде орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Қалада 3 аудан бойынша күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ, басқарма басшысы «Қиял әлемі» технопаркінің алдынан алынған брусчаткалар қаланың басқа аумақтарына қолданылып жатқанын атап өтті. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір