• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:56:46
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қаладағы №1 аурухана базасында дәрігерлер инсульт алған 69 жастағы науқастың ми қан тамырын михрохирругиялық әдіспен тігіп берді.

Шымкентте алғаш рет жасалған ота – еліміздің үздік нейрохирургі Еркін Медетовтың жетекшілігімен өтті.

Науқас аталған аруруханаға жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. Инсулть алған науқасты дәрігерлер ангиографиялық әдіспен тексеріп, қан тамырындағы ақауды анықтаған. Пациенттің өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер шұғыл түрде оны ота залына кіргізіп, ми қантамырана хирургиялық ем жасады.

–Тексеру кезінде науқастың шат тамыры арқылы еніп, ми қан тамырларын тексердік. Тексерудің нәтижесінде ми қан тамырының бітелгенін анықтадық. Мидың сол аймағына қанның жетіспеушілігіне байланысты жаңадан тамыр тігу қажет болды. Сондықтан осы операцияны жасадық. Бұл отаның мақсаты мидың қан жетпей тұрған аймағына айналма жол арқылы қан жеткізу,-дейді нейрохирург Еркін Жұмағалиұлы.

Дәрігердің айтуынша, ота сәтті өткен. Науқастың қазіргі жағдай жақсы.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір