• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:41:15
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласының Қаратау ауданында шағынаудандар мен шалғайдағы елдімекен көшелерін орташа жөндеу, шағал тас төсеу жұмыстары атқарылуда.

2021 жылы аудан аумағындағы Ақжайық, Азат, Бозарық, Нұртас, Асар-2, Қайтпас шағынаудандары мен Сайрам, Шапырашты, Орманшы, Мәртөбе, Қайнарбұлақ, Өтеміс, Таскен, Достық, Тассай тұрғын алаптарында ұзындығы 54,4 шақырым 38 көшеге орташа жөндеу, 34,7 шақырым 37 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта ауданда жалпы ұзындығы 62 шақырым көшелерге қаржы қаралып, Қайнарбұлақ, Тассай тұрғын алаптары мен Асар-2, Достық, Нұртас, Тұран шағынаудандарында шағал тас төсеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Қосымша 21 шақырымға шағал тас төсеуге ұсыныс жолданды.

Сонымен қатар, аудан аумағында шағынаудандарды электр жарығымен қамту жұмыстары қолға алынған. Атап айтқанда, Тұран шағынауданында «АБМ Билдинг» ЖШС тарапынан электр жүйелері құрылысы 2021 жылдың қараша айында аяқталады. Тассай тұрғын алабында «Ынтымақ Бес Арыс» ЖШС тарапынан 58,2 шақырым желі және 26 дана КТП орнатылып, құрылыс жұмыстары толық орындалды. Асар 2 шағынауданында «ОЖТ Транзит» ЖШС тарапынан биыл қараша айында абоненттеу жұмыстары басталады.
Қайнарбұлақ тұрғын алабында «Turan Energo Group» ЖШС атқарып жатқан құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі.

2021 жылы электр жарығымен қамту көрсеткіші 93 % құрайды. Ал 2022 жылы аудан бойынша электр жарығымен қамту көрсеткішін 100 %-ға жеткізу жоспарлануда.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір