• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:02:31
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Нұрсат тұрғын алабына барып, аумақтың абаттануымен танысты. Тұрғын алапта №109-117 аралығындағы 10 көпқабатты үйдің ауласы «Build Stroi» мердігер мекемесінің демеушілігімен абаттанып, көгалданған.

Аулалардың 13 880 шаршы метр аумағына су құбырлары тартылып, кіші су бұрқақтары орнатылды. Балалар ойын алаңшасының элементтері қайта сырланып, газон мен ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары атқарылған.

Қаламыздың дамуы мен тұрғындарға жайла орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға кәсіпкерлер зор үлес қосып жатқанын айтқан қала басшысы, мұндай игі істер үшін мердігерге алғысын айтты.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының Қаратау ауданы «Ақжайық» шағынауданында 14 көпқабатты үйдің 2 ауласында балалар ойын алаңшасы мен жаттығу тренажерларын орнату жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекеме «НұрекАзияБизнес» ЖШС және «АгроСпецМонтаж» ЖШС нысандарды қараша айында тапсыруды жоспарлап отыр.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шағынаудандағы №63/27, 69/36, 37, 38, 40, 43, 44 үйлердің аулаларында орналасқан балалар ойын алаңшасының құрылысымен танысып, жұмыс сапасын бақылады. Қала әкімі тұрғындарға енді абаттанған аумақты күтіп-ұстау қажеттігін айтты.

Биыл Ақжайық, Тұран, Асар шағынаудандарында 21 ауланы (39 үй) абаттандыруға 405,1 млн теңге қаржы қаралды. Құрылыс жұмыстары қарашада аяқталып, жаңа нысандар тұрғындар игілігіне беріледі.
Шаһарда аулалар жаңартылып, қолайлы орта қалыптасып келеді. Оның ішінде «Халық қатысатын бюджет» жобасы табысты іске асуда.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір