• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:20:35
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Абай ауданында 34 елдімекеннің 23-і (73,5%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 11 елді мекен қатты отынды пайдалануда.

7 елдімекенді (Алтынтөбе, Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ) табиғи газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары басталды. Алтынтөбе тұрғын алабындағы құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толығымен аяқталады.

Тәуелсіздікке-20 жыл, Айкөл, Құрсай, Ынтымақ-2, Нұршуақ шағын ауданына қатысты ЖСҚ әзірленіп жатыр.

Көкбұлақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар тұрғын алаптарының халқы алдағы жылы табиғи газбен қамтылатын болады. Нәтижесінде жыл соңында ауданды табиғи газбен қамту көрсеткіші 30 пайызды құрайтын болады.

Абай ауданында 34 елдімекеннің 26-сы елді мекені (80%) мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Қалған 8 елдімекен (20%) жеке меншік транформаторларды пайдаланды. Мемлекеттік электр жарығының тарифы – 14 теңге болса, жеке меншік транформатор тарифы - 34 теңге.

Биыл 8 елдімекенді электр жарығымен қамту үшін қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүруде. Жыл соңына дейін Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке-20 жыл, Ақжар тұрғындары мемлекеттік электр жарығына қосылады.

Нұршуақ, Жаңаталап, Ынтымақ-2 батыс бөлігіндегі құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталады. Нәтижесінде жыл соңында ауданның электр жарығымен қамту көрсеткіші 84 пайызды құрайтын болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір