• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 00:11:54
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкентте шағын кәсіпкерлік саласы қарқынды даму үстінде. Соның бірі «Макси Лайф» компаниясы 2011 жылдан бері сауда-өндірістік фирма ретінде өз жұмысын бастаған. 2013 жылы компанияның өндірістік ауқымы кеңейіп, құрылыс шығару ісі мен кондитерлік цехын іске қосты.

Құрылыс материалдары өндірісінде гипсокартон профилі, минералды сәндік сылақ, сұйық травертин және құрғақ құрылыс қоспалары, шпаклевка, кафельге арналған желім дайындалады. Ал кондитерлік цехта дәмді тоқаш пен торттар пісіреді.

2017 жылы «Макси Лайф» тігін цехы да іске қосылды. Цехта қорғаныс құралдары, комбинезон, халат, маска, арнайы киімнің қаптарын тігу жұмыстары жүргізіледі. Дайын өнімдерді тек республика аумағында емес, ТМД бойынша экспорттайды. Компания басшылығы жақын және алыс шетелдермен іскерлік байланыс орнатқан.

Айта кетейік, «Макси Лайф» сонымен қатар жиһаз жасау өндірісінде жемісті еңбек етуде. Мұнда үйге және кеңсеге арналған корпустық жиһаздар мен жұмсақ жиһаз, сондай-ақ қаңқасыз жиһаздар жасалады.

Qamshy

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір