• USD 465.08

  • EUR 488.75

  • RUB 9.1

  • CNY 69.43

29 Маусым, 21:34:03
Алматы
+23°

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысының Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы ауылындағы мектептің 4-сыныбында оқитын Марғұлан Жұмажан тұрмыс қалдықтарынан жарық шам жасап шығарды. Бұл туралы Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мектептегі «Жасұлан» ұйымының 10 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада Марғұланның бұл жұмысы үздік деп танылған. Фото

-«Үстел шырағын жасау кезінде істен шыққан велосипедімнің дөңгелегін пайдаландым. Бұл жұмысты жасауға қарапайым әрі қолжетімді нәрселер керек. Олар желім, тоқыма ақ жіп, ескі жарық шамның тоғы және шар. Үстел шырағын кез-келген сәтте қолдануға болады. Мәселен, сабақ оқығанда және түнде үйді жарықтандыру үшін пайдалануға болады», - деді Марғұлан Жұмажан.

Марғұланның сынып жетекшісі Гүлжан Жаңбырованың айтуынша, шәкірті алғыр, оқуда белсенді, берілген тапсырманы мұқият әрі ұқыпты орындайды.

-«Жасұлан ұйымының 10 жылдығына орай 4-сынып оқушыларына тұрмыс қалдықтарынан бұйым жасау тапсырылды. Әркім өз қалауы бойынша ерекше дүниелер дайындаған. Ең үздік деп танылғандардың бірін мектебіміздің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына жарияладық. Марғұлан тапсырманы мұқият орындап, жұмыс процесін толықтай видеоға түсірген. Шәкіртімнің болашағынан үмітім көп», - деді Гүлжан Жаңбырова.

Жас ғалым Марғұлан Жұмажан осы бағытта басқа да жобалармен айналысуды жоспарлап отыр.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір