• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

21 Қаңтар, 17:18:31
Алматы
-2°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков қала әкімдігінің @akimat_shymkent инстаграм парақшасында тікелей эфирде сұхбат берді.

Басқарма басшысы қалада электр қуатының жиі сөнуінің негізгі себептеріне тоқталып, жалпы қаланы сапалы электр қуатымен және ауызсумен қамту жұмыстарының барысын баяндады. Тікелей эфир барысында тұрғындар тарапынан әлеуметтік желі арқылы келіп түскен сауалдарға жауап берді.

Шаһарда 11 қарашадан бастап электр энергиясы шектелмейді. Қала тұрғындарына қолайсыздық тудырған бұл мәселені шешу мақсатында Жамбыл ГРЭС-тен қосымша 70 МВт электр энергиясын алуға келісімшарт түзілді.

– Қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында биыл барлығы 16 елдімекенде (барлығы 20 нысан) құрылыс жұмыстары қолға алынды. Бүгінге дейін Қарабастау елдімекеніндегі 100-ге жуық абонент электр қуатымен қамтылды. Сондай-ақ, «1-М-1» қосалқы станциясының құрылысын аяқтап, қазіргі уақытта іске қосуға дайындық жүргізілуде. Оның нәтижесінде, Асар-2 елдімекені тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ететін боламыз, – деді Б.Булатбеков.

Жалпы жыл соңына дейін, 7 елдімекенде (Достык, Жалын, Ақжар, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл) құрылыс жұмыстары аяқталып, 21,3 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, басқарма басшысының мәлімдеуінше, қала тұрғындарын сапалы ауызсумен қамту мақсатында барлығы 14 нысанның құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта Тұран, Ынтымақ-2, Ақтас-2 және Сәуле (276 – орам), Жаңаталап, Асар-2 елдімекеніндегі құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындарды суға қосу жұмыстары басталды.

Батыс, Солтүстік саяжай және Нұртас елдімекендерінде су құбыры толық жүргізіліп, қазіргі уақытта құбырлар сынақтан өткізілді және су есептегіш құрылғысы орнатылуда. Аталған жұмыстар қараша айының соңына дейін аяқталып, аталған елдімекенге де су беру жұмысы басталады. 2021 жылдың жоспарына сәйкес, қалада ауызсуын тасымалдайтын елдімекеннің барлығы 100 пайыз қамтылып, сапалы ауызсу беріледі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір