• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:51:25
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласындағы №2 аурухана базасында коронарография әдісімен хиургиялық емдік жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Соңғы бір айдың ішінде аурухананың бас дәрігері Асқар Рахматалиевтың жетекшілігімен 20 науқасқа жүрек-қан тамырлары бойынша тіліксіз ота жасалған.

Дәрігерлердің сөзінше, коронарография – жүректің ишемиялық ауруын анықтаудың тың әдісі. Әлем бойынша осы дерттен пайда болатын өлім-жітімнің саны күрт өскен болатын. Алайда, соңғы жылдарымедицинадығы тың тәсілдердің арқасында өлім саны бәсеңдеген.

–Коронаграфия әдісімен қалалық №2-ші ауруханасында күніне екі-үш науқасқа ота жасаймыз. Амбулаторлы коронографияның пайдасы көп. Бұрын жүрек-қан тамырларын көру үшін көп дәрігердің қатысуы керек болатын. Бүгінде жергілікті анестазия арқылы амбулаторлы түрде науқасты ауруханаға жатқызбай, жүректің қан тамырларын көріп шығуға мүмкіндік бар.

Ең бастысы – ешқандай ауырсынусыз, кері әсер байқалмай, 2-3 сағат ішінде науқас аман-есен үйіне оралады. Кез-келген уақытта науқасты стационарға жатқызуға болады,-дейді рентгенхирург дәрігері Серік Керімқұлов.

Коронарграфия дәсінің 99 пайызы жеңіл, әрі сәтті өтуде. Операция кезінде наркоз берілмей, қан тамырының зақымдануына қарай хирургиялық ем 15-20 минут ішінде жасалады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір