• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:39:17
Алматы
+35°

Фото: Олжас Мамырдың Facebook парақшасынан

 
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың жеке қабылдауында болдым. Қабылдауында 1 сағатқа жуық тек жастар туралы сөз қозғалды. 4 мәселе бойынша ашық сөздер айтылды.
 
1. Бірінші мәселе жастардың баспаналы болуы. Жылдың соңына дейін 900 баспана берілу керек. Сол бойынша қандай шара атқарылып жатқаны туралы сұрадым.
 
2. Екінші мәселе, жастарға берілетін 5 жылдық баспананың шарттарына түзету енгізу. Атап өтсек ең біріншісі ол қаржы жағы. Нұр-Сұлтан және Алматыда 116 000 теңге айлық алатын орындар өте көп. Одан аз айлықтардың өзі аз. Бірақ біздің Шымкентте өкінішке орай 116 000 теңгеден аспайтын жұмыстар өте көп, басым бөлігі жұмыс өтілімі жоқ жастарда. Дәл осы 116 000 теңгені түсіру яғни 80-90 мың арасына түсіру.
 
3. Үшінші мәселем, қазіргі таңда 2005 жылға дейінгілердің өзі химикатқа әуестенуде. Қаланың түнгі клубтарында ашық сатылымға шығуда. Қарапайым мысал, ең арзан “Шар” 1500-3000 теңге арасы тұрады. Ол 10-20 минут кайф береді екен. Соған жараса арзан. Ал, “Миф” деген 18 мыңнан басталады. Оған бір күн ұйықтамай энергиямен жүресің. Дәл осы бағытта жұмысты өте қатаңдату қажет. Себебі клубтарда кіп-кішкентай қыздар МИФ алып берсеңдер, сендермен бүгін көңіл көтерем дейтін уақытқа келе жатыр.
 
4. Төртінші мәселе, еріктілерге қолдау көрсету. Яғни жастар орталығы және Жас Отанмен бірге жұмыс жасап жатқан еріктілер ұйымдарының еріктілеріне жағдай жасау. Кешегі пандемия кезінде еріктілер ұйымынан жағдайы төмен отбасылардың тізімін алды. Бұл базаны еріктілер өздері жасаған. Сол арқылы халыққа көмек беруде. Ол үшін еріктілерге ең бірінші кезекті қоғамдық көліктерде “Төлем” картасын тегін беру. Сол арқылы оларға серпіліс беру.
 
Сөз соңында туризмнің дамуы туралы да сөз қозғадық. Ол бойыншада жақсы дүниелер тыңдап қайттым. Енді осы сұрақтарға қандай жауап алғанымды фейсбук емес бір газетке сұқбат беру арқылы жеткіз келді. Жақында бір газетке жақсы мақала шығады.
 
Жеке қабылдаңыз қабылдап барлық мәселеге тиянықты тыңдап шешім қабылдаймын дегеніңізге алғыс білдірем.

Олжас Мамыр

Facebook парақшасынан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір