• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 04:30:02
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін «Шаңырақ» бағдарламасы аясында Тұран-2 шағынауданында орналасқан тұрғын үйлердегі пәтерлерге тікелей сатылым басталды. Отбасы банкі жариялаған ақпараттарға сәйкес, сатылымдағы таза әрлеудегі пәтердің 1 шаршы метрінің бағасы 200 000 теңгені құрап отыр. Жеңілдетілген пайыздық көрсеткішпен сатылымдағы жалпы пәтер саны – 305. Оның ішінде, 1 бөлмелі пәтерлер саны – 136, 2 бөлмелі – 147, 3 бөлмелі – 22.

Аталған тұрғын үйлердегі пәтер құны жобамен: 1 бөлмелі пәтер 8 508 000 теңгеге дейін; 2 бөлмелі пәтер 12 438 000 теңгеге дейін және 3 бөлмелі пәтер 15 548 000 теңгеге дейін.

Несиелік баспанаға қол жеткізуді көздеген азаматтардан өтініштер Отбасы банктің «otbasybank.kz» интернет-ресурсы арқылы осы жылдың 08-18 қараша аралығында қабылданады.

Алғашқы жарна пәтер құнының 10 % төлену арқылы, несие жылдық 5% - бен беріледі. Несие мерзімі – 20 жылға дейін. Максимальды несие сомасы – 15 млн теңге.

Айта кету керек, аталған тікелей сатылым бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған Отбасы банктің салымшылары ғана өтінім тастай алады. Жаңа пәтердің иегері атанудың мүмкіндігін пайдаланып, өтінім жолдаңыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір