• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:22:47
Алматы
+35°

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы Қоғамдық коммуникациялар орталығы Ақтау қаласының 29 А шағын ауданында болған жарылыстың ықтималды себебін жариялады.

Орталық мәліметінше, қазіргі уақытта жарылыс болған жерде төтенше жағдай департаментінің 70 қызметкері мен 11 техникасы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ полиция департаментінің 150 адамы мен 20 техникасы жұмылдырылған

Кинологиялық қызмет жүргізген барлау жұмысы бойынша жарылыс орнында зардап шеккендер жоқ екені анықталған. "Шерқала" кешені иесінің айтуынша, барлық жұмысшылар бұл ғимараттан кешкі сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін шығып кеткен. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыровтың айтуынша, жарылыс газдың ауаға таралуынан болуы мүмкін. Оқиға орнынан екі газ балоны шығарылған.

– Ғимарат исінің айтуынша, қоқыс астында әрқайсысысы 50 литр болатын тағы екі газ балоны бар. Толығырақ ақпарат авариялық-құтқару жұмыстары жойылғаннан кейін жүргізіледі, – деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.

Кеше кешкі уақытта Ақтау қаласының 29 А шағын ауданында кафеде жарылыс болған. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері Жәнібек Ажмұхановтың мәліметінше, жарылысқа байланысты әзірге ешкім хабарласпаған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ақтаудағы жарылыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір