• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:29:00
Алматы
+35°

Петропавлдағы көмір қоймаларында көмір аз. Ал делдалдар жағдайды пайдаланып, көмірді қымбатқа сатып жатыр, деп хабарлады Almaty.tv.   

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, делдалдар көмір тоннасын 22-25 мың теңгеге сатады. 

– Ауылдағы адамдар көмірді 22-25 мың теңге аралығында алып жүр. Себебі басқа таңдау жоқ. Қалаға да қара отын жетпей отыр. Кішкентай балалар, әйелдер қоңырау шалып, тоңып отырмыз деп жылайды. Жағатын көміріміз жоқ, отын бітейін деп жатыр, үйді жылыта алмай отырмыз, –  дейді облыс тұрғыны Олег Островной.

2 ай бойы көмір ала алмаған тұрғындар, жүк көліктері қоймадағы қара отынның тең жартысын тиеп әкететінін және өздері көмірсіз қалатынын айтады. 

– Аудандардан жұрт көптеп келіп жатыр. Шалғайдағы орындардан ешкім алмайды, осында келеді. Сол үшін көбейіп жатыр. Келгендердің бірі 40 тонна әкетеді, бірі 100 тонна әкетеді. Ендігі келгендерге кісі басына 5-6 тоннадан ғана беретін боламыз. Сонда бәріне жетуі мүмкін, – деді көмір сататын орынның қызметкері Мұратхан Тұрмұхамбетов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір