• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:59:01
Алматы
+35°

"Қазгидромет"  6-8 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің дерегінше, демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз әрі шуақты болмақ. Бұл ретте антициклон температураның біртіндеп көтерілу үрдісін сақтап қалады. Тек 7-8 қараша күндері солтүстік-батыс циклонының әсерінен елдің батыс өңірлерінде жаңбыр мен қар жаууы ықтимал. 

"Батыста ауа температурасы түнде -5 гралус суықтан +5 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, ал күндіз сынап бағанасы +5 + 15 градус жылылықты көрсетеді. Солтүстікте, солтүстік-батыстың орталығында және республиканың шығысында ауа температурасы түнде -3-11 градус, күндіз  +1+8 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Еліміздің оңтүстігінде түнде сынап бағанасы +1-10 градусты көрсетсе, күндіз +3-12 градус жылы болмақ. Оңтүстік-шығыста түнде -5-15 градус аяз болса, күндіз -3 пен +8 аралығында ауа райы құбылмалы болады" делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қараша Ауа райы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір