• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 20:54:07
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 4 қарашадағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат таратты.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 1421 адамнан коронавирус, 120 адамнан пневмония анықталған.

3 қарашадағы дерек бойынша, елде коронавирустан 23, пневмониядан 2 адам көз жұмған. 

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 945 922-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 80 068.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 8 372 506 адам, 2-компонентін 7 620 215 адам салдырған.

5 қарашадағы мәлімет бойынша, 42 630 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 7 648 пациент стационарда, 34 982 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

538 адамның жағдайы ауыр, 155 пациенттің жағдайы өте ауыр, 99 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары "Қызыл" аймақта орналасқан.

Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары "Сары" аймақта.

"Жасыл" аймақта –Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір