• USD 465.08

  • EUR 488.75

  • RUB 9.1

  • CNY 69.43

29 Маусым, 21:41:42
Алматы
+23°

фото: Маңғыстау облысы баспасөз қызметі

Маңғыстау облысындағы Жармыш ауылының тұрғыны Досбай Төлемағанбетов теріден қамшы өреді. Ол бұл өнерге бала күнінен қызыққан. Өз бетінше қамшы өру, тұсамыс, ер-тұрман, мұрындық жасауды үйренген.

Маңғыстау ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қолөнер шебері алғашқыда түрлі бұйымды күнделікті шаруаға пайдалану үшін  жасап жүрген. 2000-жылдан бастап қолдан, таза мал терісінен өрілген қамшысы сұранысқа ие бола бастады. қамшы

Малдың жаңа сойылған терісі иленеді. Оны кептіріп қамшыны түйенің мойын терісінен, шашақтарын ешкінің терісінен, малақайын сиырдың терісінен дайындалады. 4,6,8,9,12 түрлі өрім өріп, сабына жыңғыл бұтағын пайдаланады. Осылай ерекше ықыласпен жайындаған дүние тұрғындардың көңілінен шығып келеді»,-деді Досбай Төлемағанбетов.

Шебердің айтуынша, алыс-жақын ауылдардан тапсырыс беретіндер де көп. Досбай Төлемағанбетов тек қамшы емес, атқа ер, жылқыға тұсамыс, түйе малына мұрындық та жасайды. Осылайша, ата – бабадан қалған дәстүрді сақтап, жалғастырып жүр. Білген-түйгенін қос ұлына да үйреткен. Қазір балалары қамшы өру, ер, тұсамыс, мұрындық жасау жолдарын шебер меңгерген.

 қамшы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір