• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:26:22
Алматы
+35°

Астана мен Алматы қалаларын жаңа жылға безендіру үшін өткен жылғы әшекейлер пайдаланылады. Бұл туралы қос қаланың мәденимет басқармалары хабарлады.

Алматы қаласының мәдениет басқармасы бюджет ақшасын үнемдеу үшін өткен жылғы әшекей мен шыршалар қайта қалпына келтірілетінін айтты.  

"Мерекелік жаңа жылдық безендірудің жалпы қалалық тұжырымдамасы әзірлену үстінде. Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, өткен жылғы жаңа жылдық безендіру әшекейлері қалпына келтіріледі" делінген хабарламада. 

Алматы аудандарындағы 10 алаңда (Триатлон-парк, Қазақ елі монументінің алдындағы алаң, Ақбұлақ өзенінің жағалауы, оқушылар сарайы, Президенттік саябақ (Хайвилл), "Жерұйық" саябағы), оның ішінде тұрғын алаптарында төрт қоғамдық кеңістік салынады.

Нұр-Сұлтан қаласын безендіру үшін, қайта қалпына келтірілген былтырғы әшекейлердің 50 пайыздан астамы пайдаланылады.  

"Қала көшелерін жаңа жылдық безендіру үшін өткен жылғы гирляндалар, инсталляциялар және өзге де әшекейлерді пайдалану жоспарланған. Аудандарда (Алматы, Байқоңыр, Сарыарқа, Есіл - авт.) әкімдік балансында бар шыршалар орнатылады. Қысқы демалыс үшін барлық қоғамдық кеңістіктер шағын сәулеттік нысандармен және жарық қондырғыларымен безендіріледі" делінген қалалық мәдениет басқарма қызметінде. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір