• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:59:03
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданындағы жаңадан пайдалануға берілген ашық спорт алаңшасына барды.

Абай ауданындағы 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. Соңғы жеті жылда 222 аула абаттандырылып, 56 спорт алаңшасы салынды.

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Осы жылы 21 көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыруға, 12 спорт алаңшасын ағымдағы жөндеуге, 35 спорт алаңшаларын орнатуға қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жыл соңына дейін толығымен пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, «Шымкент қайырымды қала» қоры арқылы демеушілік есебінен 4 спорт алаңшасы орнатылды.

2022 жылы 15 ауланы абаттандыру, 50 спорт алаңшасын салу жоспарланып отыр. Қала әкімі тұрғындарға енді бұл алаңшаларды күтіп ұстау керектігін айтса, доп теуіп риза болған балалар өз алғыстарын жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір