• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 01:55:04
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалының кезектен тыс XLIII конференциясы өтті.

Конференцияға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Бектаева Жанар Әлібекқызы, Шымкент қаласы мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының фракция мүшелері, «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Jas Otan» ЖҚ мүшелері қатысты.

Конференция жұмысын Еңбекші аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Реметов Сәбит Аппасұлы ашып жүргізді.

Жиын барысында Еңбекші аудандық партия филиалының төрағалығына «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының келісімімен партия мүшесі, аудан әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы сайланды.

«Nur Otan» партиясының Жарғысына сәйкес, Еңбекші аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізіліп, жаңа құрам сайланды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір