• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:27:36
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында дәстүрлі санақ жұмыстары 1 қазанда басталған болатын. Бүгінде аудан аумағы 28 учаскіге бөлініп, онда орам басқарушылары мен еріктілерден құралған 28 нұсқаушы-бақылаушы мен 192 интервьюер жұмыс атқаруда.

Аудан әкімі Рашид Мыңбаев көпқабатты және жеке үйлерге санақшылармен бірге барып, тұрғындарды санаққа тіркеу процесін жіті бақылады. Аудан әкімі азаматтарға елімізде өтіп жатқан демографиялық және саяси маңызды іс-шарада белсенділік танытуға шақырды.

Одан бөлек, Әл-Фараби ауданында адам көп шоғырланатын 10 нүктеде тұрғындардың онлайн санақтан өтуі үшін өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылып, санақшылар азаматтарға арнайы сілтеме арқылы санаққа онлайн қатысудың тәсілдерін түсіндіруде.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір