• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 20:12:57
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов баспасөз отырысында мәлімдеді. Дегенмен, арқаны кеңге салуға әлі ерте деген мегаполистің бас дәрігері, күн суыта өршитін тұмау маусымына дайын болуымыз керек, деп түйді.

Дәл қазіргі таңда короновирус инфекциясын жұқтырған 1136 науқас тіркелген. Оның, 406-ы стационарда ем қабылдауда. Ол жердің төсек-орын толымдылығы 50% құрап отыр. Осы орайда, эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына байланысты қалада 2977 төсек – орны жабылған. Ал, жан сақтау бөлімінде 364 орын қысқартылыпты. Қалған 180 төсектің бүгінде 68 –і бос емес екен. Жыл басынан бері вирус жұқтырған 34 811науқас анықталса, оның 33 191 емделіп шыққан. Өкінішке орай, 1134 адам ауруынан айықпастан көз жұмған. Олардың басым көпшілігі вакцина салдырмаған, дейді мегаполистің бас дәрігері.

Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
- Бүгінде корновируспен қатар тұмауға қарсы екпе егу жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда, вакциналардың уақыт ара қашықтығын қатаң сақтау қажет, дейді салаға жауапты басқарма басшысы. Қалада 45 екпе егу пункті бар. Олар таңғы сағат 8 ден бастап кешкі 20:00 дейін жұмыс жасайды. COVID-19 індетіне қарсы екпенің бүгінде 1-ші компонентін 89,3% адам салдырса, 2 компонентін салдырғандардың көрсеткіші 74,2% құрап отыр.

Шымкенттің бас дәрігенің сөзіне сенсек, қалада COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры жеткілікті. Бұл ретте дене қызуын төмендететін дәрілер 1 млн. 261 мың науқасқа, вирусқа қарсы препараттар 217 675 науқасқа, антибиотиктер 313 801 науқасқа, антикоагулянттар 13 383 науқасқа, гормоналды препараттар 53 192 науқасты емдеп шығуға жеткілікті көрінеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір