• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:42:47
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы мамандарымен бірлесе аудан аумағында тұрмыстық газдан уланудың алдын алу акциясын қолға алған болатын.

Бүгінде «Сақ болыңыз - улы газ» акциясы барысында көпқабатты және жеке үйлерге, жатақханаларға уланудың ең көп тараған себептері, оның белгілері және газбен улану кезіндегі алғашқы жәрдем туралы жазылған ақпараттық-түсіндірме брошюралары таратылуда.

Аталған жұмыстар Әл-Фараби ауданы аумағында көктем мезгіліне дейін тұрақты түрде жүргізіледі.

Үйлер мен пәтерлерде жанып тұрған газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалануға, олардың қалыпты жұмыс істеуіне үй иелері жауапты екенін есте сақтаған жөн. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір