• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:23:47
Алматы
+35°

Шымкент жүрек орталығының құрылғанына биыл 20 жыл. Мерейтойға орай қалалық кардиоорталықта «Жаңа көкжиектерге жол» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға медицина ғылымдарының докторы Юрий Владимирович арнайы келіп, дәрігерлерге дәрістер өткізді.

Шымкент жүрек орталығының құрылғанына 20 жыл толуына орай қаламызда халықаралық конференция өтті. Шара барысында «Юниверсити Медикал Центр» корпоративтік қорының басшысы Юрий Пя, «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынова бастаған дәрігерлер тобы арнайы дәріс оқып, тәжірибелік оталар өткізді. Кардиохирургтың айтуынша «Мұндай маңызды операциялар әр қалада жасалуы керек, ол үшін басқа қалаға бару науқастың өміріне қауіпті болуы мүмкін.

Юрий Пя, UMC КҚ басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы
- Тек жүрек жеткіліксіздігі ғана емес, ритм бұзылуы, клапандық ауруы, АОРТ аурулары бойынша да дәрістер өткізіліп, тәжірибе алмасу болып жатыр. Бұрын бұл оталар өте күрделі саналатын және оны жасау қиынға соғатын еді. Қазір тамыр арқылы тек арнайы аппаратты кіргізіп қана жасауға болады. Бұдан кейін науқастардың аяққа тұрып кетуі де тез болады. Дегенмен, бұл бұл оңай болатын дүние емес. Әлі тағы бірнеше сабақтар өткіземіз.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір