• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Ақпан, 03:41:28
Алматы
-2°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкентте ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай «Үздік педагог – 2021» байқауының жеңімпаздары анықталды. 21 мұғалім «Үздік педагог-2021» атағына ие болып, арнайы сертификатпен және төсбелгімен марапатталды.

Шымкенттің үздік ұстаздары анықталды. 21 мұғалім «Үздік педагог – 2021» номинациясына ие болды. Оларға 300 АЕК көлемінде сертификат пен арнайы төсбелгі табысталды. Биылғы шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Бақберген Дүйсебаев, Шымкент қаласы №80 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі
- Педагогтар күніне орай қаламызда өтіп жатқан үлкен іс-шарада осындай құрметке ие болдым, қуаныштамын. Барлық ұйымдастыршыларға алғысымды білдіремін. Мұндай еңбекке жету оңай емес. Оқушыларымның ішінде әртүрлі жарыстардан жеңімпаздар көп. Барлық ұстаздарға сәттілік тілеймін. Ұстаздарды мерекесімен құттықтаймын.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір