• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

27 Қаңтар, 20:59:41
Алматы
-7°

Шымкент қаласында қызмет барысында жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжановтың мәлімдеуінше, жұмыскерлер еңбегінің қауіпсіздігін және қорғалуын бақылауды қамтамасыз ету бойынша бүгінде қаладағы 17 кәсіпорында «Халықтық бақылау» жобасы енгізілді.

«Vision Zero – Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша қаладағы 52 кәсіпорынмен өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Шаһардағы кәсіпорындар мен мекемелерде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде. Бүгінде қаладағы 1452 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік кеңестер жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері зиянды және қауіпті 516 жұмыс орындарына еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау жүргізілді.

Сондай-ақ, қаладағы 112 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілген. 3 кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» тапсырылды.

Айта кетсек, есепті кезеңде 24 жазатайым оқиға орын алып, 33 адам зардап шекті. Оның ішінде, қайтыс болғандар – 5, ауыр жарақат алғандар – 19, жеңіл жарақат алғандар – 9.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір