• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:42:13
Алматы
+35°

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Жаңаөзен қаласының Рахат ауылында 9,9 шақырым жол пайдалануға берілді. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен  брифингіде Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа жол «Ақсу» және «Жұлдыз» шағын аудандарында төселді. Барлығы 9,9 шақырымды құрайды. Жоба құны 300,658 млн. теңге.

Жоба «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» Республикалық акциясы аясында жүзеге асып жатыр. Бұл жолдың құрылысын 2020 жылы «Алтын құрық» ЖШС бастаған. Енді құрылыс аяқталып, жаңа жол пайдалануға берілді. Жаңаөзен қаласында жергілікті және аудандық маңызы бар автокөлік жолының жалпы ұзындығы 493 шақырым. Оның 239 шақырымына асфальт төселген», - деді әкім. рахат

Ал, Рахат және Теңге ауылдарында газ, су, электр желілерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазір аталған ауылдарда аяқталмаған жер телімдеріне инженерлік желі салынуда. Бұл жұмыспен «Нұрлы Жол Құрылыс» мердігер мекемесі айналысады.

-«Бүгінде сумен қамту желісі құрылысының 90 пайызы аяқталып, 9 шақырымға жуық су құбыры өткізілді. Құрылыс қазан айының соңында аяқталады. Электрмен қамтумен «Айком ЛТД» ЖШС айналысады. Қазір мердігер мекеме құрылыс - монтаждау жұмыстарына кірісті. Жоба жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс», - деді Мақсат Ибағаров. Газбен қамту құрылысын «Шебер Құрылыс» мекемесі жүргізеді. Бұл жұмыстың 45 пайызы біткен. Жобаны тапсыру жыл соңына дейін жоспарланған. рахат

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Рахат ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі. Амбулатория ауысымына 50 келушіні қабылдайды. Жобаның сметалық құны - 454,6 млн. теңге. Келісім шарт сомасы - 404,3 млн. теңге. Айта кетейік, қазір Жаңаөзен қаласы бойынша барлығы 3 дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Оның біреуі жуырда Қызылсай ауылында ашылса, тағы екеуі Теңге ауылында орналасқан.

рахатрахат

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір