• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:48:07
Алматы
+35°

Алматыдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады. Ақпаратты қаланың полиция департаменті растады. 

Аталған білім ордасы қайғылы оқиға сабақтан тыс уақытта болғанын хабарлады. 

"Алматы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің әкімшілігі 28 қазанда оқушымен сабақтан тыс уақытта болған жазатайым оқиға фактісін растайды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүруде. Кәмелетке толмаған баланың мүддесі үшін мектеп қосымша ақпаратты жария ете алмайды және түсініктеме бере алмайды" делінген Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Полиция департаментінің мәлімдеуінше, марқұм өз үйінің 11-қабатынан секіріп кеткен. 

"Оқиға бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 105-бабы ("өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы іс жүргізу барысында анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындады" делінген  полиция департаменті хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір