• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 11:08:15
+35°

АҚШ полициясы өткен аптада Нью-Мексикода фильм түсірілімі кезінде болған адам өліміне байланысты "қылмыстық іс қозғалуы мүмкін" деп мәлімдеді.

Актер Алек Болдуин "Раст" фильмінің түсірілім алаңында кинематограф Халина Хатчинсты абайсызда атып өлтіріп, режиссерді жаралаған.

"Барлық нұсқалар бар. Қазір ешкім де (істен) сырт емес" деді аудан прокуроры Мэри Кармак-Алтвис кез келген ықтимал айыптар туралы.

"Олардың (кару - ред) ол жерге қалай жеткенін, не үшін болғанын анықтаймыз, өйткені олар ол жерде болмауы керек еді" деді Санте-Фе округінің шерифі Адан Мендоза департаменттің алғашқы қорытындыларын ұсынып. 

Оның айтуынша, полицияда осы уақытқа дейін 600 айғақ зат, соның ішінде үш атыс қаруы мен 500 оқ-дәрі бар.

Шериф Мендоза сонымен қатар Джоэл Соузаның иығынан алынған снаряд дәлел ретінде тапсырылғанын айтты.

"Менің ойымша, фактілер анық – қару Болдуин мырзаға тапсырылды. Қару [функционалды] болды және Хатчинс ханымды өлтіріп, Соуза мырзаны жарақаттады" деді ол өлтіру ісі туралы.

Шериф журналистерге фильм түсірілімі алаңында 100-ге жуық адам болғанын айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір