• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

04 Желтоқсан, 17:32:36
Алматы
+8°

Қытай елдегі кішігірім қалаларға "өте биік көпқабатты үйлер" салуға шектеу қойды.

Жаңа ережеге сай, үш миллионнан аз халқы бар қалаларға биіктігі 150 метрден асатын зәулім ғимараттар салуға шектеу қойылады.

Биіктігі 500 метрден асатын ғимараттардың салынуына қазірдің өзінде тыйым салынған.

Қытайда әлемдегі ең биік ғимараттар орналасқан, оның ішінде 632 метрлік Шанхай мұнарасы мен Шэньчжэндегі 599,1 метрлік Пинг Ан қаржы орталығы бар.

Жергілікті хабарлар Шанхай және Шэньчжэнь сияқты халық көп қалаларда зәулім ғимараттар қажет болуы мүмкін екенін айтады, ал басқа қалаларда жер тапшылығы жоқ.

Осы жылдың басында Шэньчжэнь қаласындағы "SEG Plaza" деп аталатын 350 метрлік зәулім ғимарат тербеле бастағанда жүздеген адам өміріне қауіп төнген.

Қытай жергілікті құрылыс салушылардың көз тартатын ғимараттар салуға құмарлығын сынай отырып, қымбат тұратын құрылыс жобаларына қысым көрсетуде.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай құрылыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір