• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:14:41
Алматы
+35°

Фото: Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы

Кеше 27 қазанда Алматыда Түрік фильмдерінің апталығы басталды. Соған орай "Арман" кинотеатрында Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының қолдауымен ұйымдастырылған "VI Түрік Фильмдері Апталығының" ашылу салтанаты өтті.

Түрік фильмдерінің апталығы режиссер Мехмет Ада Озтекиннің "Жетінші камерадағы керемет" фильмімен ашылып, көрермендердің зор ықыласына бөленді. Бұл фильм – Түркияда ең танымал болған фильмдердің бірі.

Іс-шара барысында түрік фильмдерінің жанкүйерлері Түркиядан келген "Ертугрул. Қайта тірілу" сериалының актёры Сезгин Ердемир мен Түрік фильмдері апталығының бас үйлестірушісі Онер Кылычпен кездесіп, шағын сұхбаттармен алмасты. Бес күнге созылатын мәдени шарада "Баскетбол сақинасы", "Махаббат өмірі", "Хабарландыру", "Маузер", "Рафадан Тайфа: Кіндік төбе" фильмдері "Арман" кинотеатрында тегін көрсетілетін болады.

Шара барысында сөз сөйлеген Түркиядан келген ұйымдастырушылар мен Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев пен "Қазақфильм" киностудиясының директоры Ақан Сатаев осындай шаралар Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени байланыстардың жалдан-жылға нығайып келе жатқанын айтып, киноиндустрия саласындағы ықпалдастық барысына тоқталды.

Эльенора Әмір

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір