• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:33:58
Алматы
+35°

Алматы облысының полиция департаменті 27 қазан күні Панфилов ауданы Пенжім ауылында мектеп оқушылары арасында жанжал шығып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім дене жарақатымен аудандық ауруханаға түскенін хабарлады.

Оқиғаға байланысты әлеуметтік желіде түрлі видео мен расталмаған ақпарат тарап жатыр. Бір видеода мектеп ауласында оқушылар төбелескені көрінсе, келесі видео түнгі уақытта түсірілген. Ол жерден бір топ жасөспірімнің арлы-бері жүргенін, тұрғындардың үрейлі даусын, дүкен өртеніп, көлік терезелерінің сынғанын байқауға болады.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде кикілжіңнің ұлтаралық сипаты бары туралы ақпарат шығып жатыр. Расталмаған деректер бойынша қазақ-ұйғыр жастары арасында қақтығыс болған.

Полиция департаменті таратқан хабарламада ол туралы ештеңе айтылмайды.

"9-шы және 10-шы сынып екі оқушының арасында ауызша дау-дамай туып, арты оқушылар арасындағы төбелеске ұласқаны және оның салдарынан жасөспірімнің зардап шеккені белгілі болды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі негізінде қылмыстық іс тіркелді, жанжалға қатысушылардың барлығы анықталды" делінген ақпараттық хабарламада сондай-ақ ауыл азаматтарымен аудан әкімі, ақсақалдар және Алматы облысы ПД бастығы тарапынан кездесулер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілгені айтылады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір