• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:08:46
Алматы
+35°

Қазгидромет 28-30 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктер алдағы үш күнде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейіп, елдің солтүстік және орталық аудандарында бұрқасын мен көктайғақ болатынын айтады. 

Нұр-Сұлтанда 28-29 қазанда күн бұлтты, түнде -3°C, күндіз +6°C жылы болады. 30 қазанда қар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасы түнде +2, күндіз +4°C көрсетеді.

Алматыда 28 қазанда күн бұлтты, түнде +6°C, күндіз +13°C жылылықты көрсетеді. 29-30 қазанда жаңбыр жауады түнде +6°C, күндіз +11°C жылы болады.

Шымкентте 28-29 қазанда жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде +6, күндіз +11°C көрсетеді. 30 қазанда күн ашық түнде +2°C, күндіз +15°C күтілуде. 

Ал 28-29 қазанда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады. Сондай-ақ республика бойынша тұман түседі деп күтіледі. 

Батыста ауа температурасы түнде +6°C, күндіз 15°C болады.

Солтүстік-батыста түнде  -8°C, күндіз +8°C болуы мүмкін.

Орталықта түнде ауа температурасы -10°C-тан жоғары, күндіз -10°C-қа дейін құбылады.

Шығыста түнде  -7°C күндіз, түнде  -15°C күтілуде. 

Оңтүстікте түнде +8°C шамасында, күндіз +15°C жылы болады.

Оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы төмендейді күндіз 10-18°C-тан 7-15°C аралығында құбылады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АУА РАЙЫ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір