• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

19 Қаңтар, 17:31:15
Алматы

Футболшы Кейсуке Хонда қолдаған жапондық стартап  680 000 доллар тұратын ұшатын мотоцикл –ховербайкты сатылымға шығарды.

Токиода орналасқан "XTurismo Limited Edition Technologies" дайындаған ховербайк қозғалтқышпен және батареямен жұмыс істейді. Төрт қозғалтқышпен жабдықталған мото 100 км/сағ жылдамдықпен 40 минут ұша алады.

Қара және қызыл түсті ховербайк пропеллерлердің үстіндегі мотоцикл тәрізді корпустан тұрады. 

"Mitsubishi Electric" және "Kyocera" сияқты демеушілері бар стартап Фудзи тауының жанындағы жарыс жолында ховербайктың ұшу сынағын көрсетті.

Бас атқарушы Дайсуке Катано жақын арада оны пайдалану тек осындай жерлермен шектелетінін және Жапонияның жабық жолдары арқылы ұшуға рұқсат етілмейтінін айтты. "Бірақ ховербайкты құтқару топтары жету қиын жерлерге бару үшін пайдалануға болады" деді ол.

Демеушілік қаржылар осындай түрдегі стартаптарға Калифорниядағы "Joby Aviation" компаниясынан, Израильдегі "AIR" компаниясынан түсуде. Олар ховербайк, джетпэк және ұшатын таксилер сияқты жеке әуе тасымалы дәуірін бастауға уәде береді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жапония ховербайк

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір