• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:35:19
Алматы
+35°
Азаматтық белсенді, Демократиялық партия бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамай өзінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.
 
"Менің үстімнен қылмыстық іс қозғалды. Жаңа ғана Алматы полициясынан хабарласып, маған қарсы 378 бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жазды. Бүгін, 26 қазан күні сағат 16-00 Алматы полиция департаментіне шақырды" дейді белсенді.
 
Қылмыстық кедекстің 378-бабында "Билік өкiлiн қорлау" бойынша жауапкершілікке тарту көзделген.
 
Баптың 1-тармағында "билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау – сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады", 2-тармағында "жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет – бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады" делінген.
 
Жанболат Мамай оппозициялық ұстанымдағы азаматтық белсенді. Демократиялық партия деп аталатын саяси күш құрғысы келеді. Бұл мақсатта әділет министрлігіне ынталы топты тіркеген. Алайда партия құрылтайын өткізбек болғанында жақтастары қамалып, соған қарсылық ретінде митинг ұйымдастырған. Белсенді несие амнистиясын талап етіп, жерді шетелдіктерге жалға беру, қазақстандықтарға сату, Қытай экспанциясына қарсылық, саяси тұтқындарға бостандық секілді мәселелерді көтеріп бірнеше рет митинг ұйымдастырған. Олардың кейбіріне билік тарапынан рұхсат берілсе, кейбіріне рұхсат берілмеген. Митингтер кезінде әлденеше рет бірнеше жақтасы ұсталған. Кей наразылық акцияларында белсенділер қысты күні далада сағаттап полиция қоршауында тұрған.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жанболат Мамай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.