• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:55:26
Алматы
+35°

"Morgan Stanley" инвестициялық банкінің болжауынша, әлемдегі ең бай адам, шамамен $289 миллиард байлығы бар Илон Маск адамзаттағы алғашқы триллионер болуы мүмкін.

"Morgan Stanley" сарапшылары байлығының көп бөлігін Tesla электромобиль компаниясынан жинаған Маск енді SpaceX ғарышты зерттеу бизнесінен "әлдеқайда көп ақша таба алады" деп болжайды.

Сарапшы Адам Джонастың айтуынша, Илон Маск алғашқы триллионер болатын болса, бұл Tesla-ның себебінен болмайды. Кейбір сарапшылар "SpaceX әлемдегі ең жоғары бағаланған компания болуы мүмкін" дейді.

Джонас жеке меншік SpaceX құны 200 миллиард долларды құрауы мүмкін деп есептейді. SpaceX ғарыштық инфрақұрылымды, Жерді бақылауды және ғарыш кеңістігін зерттеуді қоса алғанда, бірқатар әлеуетті салаларды пайдалана отырып, құны одан да жоғары болуы мүмкін.

SpaceX осы айда акцияның екінші сатылымында 100 миллиард долларға бағаланды. Осылайша, ол "ByteDance" интернет-фирмасынан кейінгі әлемдегі екінші ірі жеке компанияға айналды. Маск SpaceX-тің шамамен 48%-на иелік етеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ион Маск

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір