• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 05:52:36
Алматы
+35°

Түркия миллиондаған туристен, соның ішінде Германия сияқты түрік туризмі үшін маңызды туристік провайдерден айырылу қаупі бар, деп хабарлады Тourprom.ru сайты.

Түркия президентінің елшілерді елден шығару әрекетіне сарапшылар  "Тағы бір саяси жанжалға байланысты  Түркия миллиондаған туристен айырылып қалуы мүмкін" деп баға берді.

Бұл жағдайға Түркия президентінің Сыртқы істер министрлігіне ірі елдердің 10 елшісін "нон грат" (елде қалғанын қаламайтын - ред) адамдар деп жариялап, оларды елден шығаруы әсер етуі мүмкін.

Елдер шығарылатын елшіліктер қатарында Канада, Франция, Финляндия, Дания, Германия, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Швеция және АҚШ елдері бар. Олар түрік белсендісі Осман Каваланы босатуға шақырғаны үшін зардап шекті.

Еске салайық, Осман Кавала Түркияның этникалық және діни топтарды қолдауға бағытталған жобаларға байланысты танымал болып қана қоймай, сонымен қатар 2016 жылдың шілдесінде Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасауға қатысуға айыпталып, қазір қамауда жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Түркия Осман Кавала

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір