• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

04 Желтоқсан, 17:06:48
Алматы
+9°

Шымкентте биыл Еліміздің 30 жылдық Тәуелсіздігі қарсаңында Сайрам көмекші мектеп-интернаты «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі арнайы кешені» мәртебесіне ие болды.

Мектеп-интернаты ғимаратының негізі 1916 жылы қаланған. 1935 жылы балалар үйі, 1975 жылы«Сайрам көмекші мектеп-интернаты» болып өзгерді.

Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мекеме арнайы оқытуды қажет ететін балалардың психофизикалық кемшілігін түзету,  функционалдық сауаттылығынын арттырып, еңбекке баулу және қоғамдық өмірге бейімдеп келуде.

Бүгінде бұрынғы мектеп-интернаттың орнына жаңа үлгідегі ғимарат салынып, 267 бала тәрбие мен білім алуда. Білім беру кешені жатақхана, оқуғимараты, акт пен спорт залдары, медициналық бекет және асханамен қамтылған.

Кешеннің 36 сыныптық бөлмелері  заманауи оқу құрылғыларымен жабдықталған. Заманауи үлгіде бой көтерген ғимаратта  тігіншілік, ағаш өңдеу, аспаздық кәсіпті үйретуге арналған шеберхана бөлмелері, арнайы күтімді қажет ететін балаларға арналған коррекциялық оқу, сенсорлық білім алу, психолог, логопед мамандардың сынып бөлмелері арнайы жабдықталып, жазғы спорт алаңы салынған.

Мекемеде оқу сабақтары мемлекеттік тілде  жүргізіледі. Оларға кәсіптік мамандықтар бойынша диплом беріледі. Қосымша білім беру үшін қолөнер және дене шынықтыру  үйірмелері де жұмыс жүргізеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент білім беру

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір