• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:29:47
Алматы
+35°

Шымкент қаласындағы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық автоматтандырылған «ExiStation TM» ПТР жабдығымен толықты.

Жаңа ПТР-анализатор АИТВ жұқтырған пациенттердің иммунитет жағдайы мен ретровирусқа қарсы емнің тиімділігін бақылау үшін қолданылады. Автоматтандырылған аппараттың көмегімен аз ғана уақыттың ішінде сынама талдамаларын алуға мүмкіндік бар. Нақтырақ айтқанда, зерттеу нәтижесін алу уақыты – 3 сағат. Ал өндірістік қуаты – бір ауысымда 40 тесттік тексеру жүргізуге қауқарлы.

Аппарат толығымен автоматтандырылған, сол себепті де инфекциялық қауіпсіздік және анықтаудың жоғары дәлдігі барынша қамтамасыз етіледі. Яғни, адами фактор әсерінен болатын қателіктерге жол берілмейді.

ЖИТС орталығындағы зертхана бөліміне қойылған жаңа аппараттпен жұмыс істеу үшін медицина мамандарына арнайы оқыту жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, жаңа аппарат ҚР ДСМ «Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы» мемлекеттік кәсіпорны, ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық Қордың қаржылық қолдауымен алынған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір