• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 23:35:05
Алматы
+35°

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар қаласындағы шейіттердің ең үлкен мешітіндегі жарылыстың видеосы шықты. Соңғы мәліметтер бойынша жарылыстан 63 адам қайтыс болған, деп хабарлады Aamaj News Telegram парақшасы.

Видеода автомат ұстаған екі лаңкес мешітке қарай бет алғаны анық көрінеді. Олар кіреберісте тұрған күзетшілерге оқ жаудырып, ғимараттың ішіне кіріп кеткен. Кейін бірнеше секундтан соң жарылыс болды.

Басқа кадрларда мешіт ауласында намаз оқып жатқан адамдар көрінеді. Далада намаз оқып жатқан адамдар оқтың дыбысын естіген бойда жан-жаққа қашады. Жанкешті лаңкестер алдымен адамдарға оқ жаудырған, одан кейін әр қайсысы өзін жарып жіберген. 

Еске салайық, жарылыс 15 қазанда қала орталығындағы Имам Баргах мешітінде жұма намазы кезінде болған. Соңғы мәліметтер бойынша, жарылыстан 63 адам қаза тапқан.




"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ауғанстан Жарылыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір