• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

04 Желтоқсан, 16:29:58
Алматы
+9°

Алматыдағы Алмалы ауданындағы бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Құтқарушылар пәтерден төрт жасар бала мен оның анасын құтқарып қалды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 

Өрт туралы 14 қазан күні сағат 16:00 шамасында "101"-ге Алмалы ауданының тұрғындарынан қоңырау келіп түскен. 

"Аталмыш мекенжайға 14-ӨСБ алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі келгеннен кейін бес қабатты тұрғын үйдің балконы жалындап жанып жатқаны анықталды, витраж терезесінен қою қара түтін шығып жатты. Сондай-ақ жиһаз жанып, үйдің шатыры жанып, ортасына түсуге сәл-ақ қалды. Баспалдақпен көтерілетін орында жоғары температура болып, көк түтін басты, адамдарға пәтерден шығуға рұқсат етілмеді. Өрт сөндірушілер әйел мен оның төрт жасар ұлын құтқарды" делінген хабарламада. 

Аға өрт сөндіруші Әділмұрат Сабыржан мен Әбен Талант баланы көрпеге орап, түтінді аймақтан таза ауаға шығарған. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмаған. 

Өрт сөндіруге екі өрт сөндіру бөлімшесі, 5 автотехника бірлігі, жеке құрамнан 17 адам жұмылдырылған.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: өрт Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір