• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:47:35
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде дәстүрлі оқу мен білім орындарындағы эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады.

– Биылғы оқу жылы дәстүрлі түрде басталды. Елімізде індеттің таралуы бәсеңсіп келеді. Балалардың коронавирусқа шалдығуын шілде-тамыз айларымен салыстырсақ, қазір жағдай жақсарған, яғни вирустың тарауы айтарлықтай төмендеген. Еліміз бойынша балалар арасында коронавирустың таралуы 0,1 пайыздан аспай тұр, – деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, мектептерде санитарлық талаптар тиісті деңгейде сақталған.

– Кейбір сыныптар карантинге жіберіліп, қашықтан оқып жатыр. Ал кейбір сыныптар керісінше мектепке қайта оралып жатыр. Жалпы көрсеткіш 0,1 пайыздан аспайды. Яғни жағдай тұрақты. Ең бастысы мектепте санитарлық талаптар қатаң сақталуда және карантин ережелерін ұстана отырып, білім беру өз деңгейінде жалғаса береді, – деді министр. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Асхат Аймағамбетов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір