• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:10:36
Алматы
+35°

Биылғы Нобель сыйлығының лауреаты, "Rappler" цифрлық медиа компаниясының негізін қалаушы Мария Ресса "шын журналист болу бүкіл әлем бойынша қауіпті бола түсуде" дейді. Филиппин президенті Родриго Дутертені жиі сынайтын ол журналистика көп құрбандықты қажет ететінін айтады. 

58 жастағы Ресса қазір Филиппінде кепілдікке алынған. Ол кибер жала жабу ісі бойынша алты жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Нобель комитеті филиппиндік журналисті жылдар бойы сөз бостандығы үшін батыл күрескені үшін сыйлыққа лайық деп таныған. 

Ресса келесі жылы Филиппинде өтетін президент сайлауы қарсаңында таралып жатқан жалған ақпаратқа алаңдаушылық білдірді.

– Бұл фактілер үшін күрес болады... ғаламдық әлеуметтік медиа платформалар, компаниялар фейк ақпараттардың алгоритмдік таралуына қорғаныс шараларын жасауы немесе жасамауы шешуші рөл атқарады, – дейді ол.

Ресса әлеуметтік медиа компаниялардың рөлі туралы дабыл қағып, "әлемдегі ең ірі жаңалықтар таратушы Facebook алгоритмдері шын мәнінде жалған ақпараттарды, ашу мен жеккөрушіліктерді тез таратады. Егер сізде фактілер болмаса, сізде шындық болмайды, шындық болмаса сенім болмайды" деді.

Журналистің "Дональд Трамп пен Родриго Дутерте сияқты популист көшбасшылар әлеуметтік желі ортасын  түбегейлі өзгертті ме?" деген сауалына Ресса "Әлем түбегейлі өзгерді... Дональд Трамп Facebook-тен уақытша шеттетілсе де, ол жұртшылықтың көңіл-күйін өзгертті. Президент Дутерте дискурстардың мәнерін өзгертті: адамдарды бөлінушілікке айтақтайтын көшбасшылық түрі әлеуметтік медиада жақсы рөл ойнады. Менің ойымша, бұл мәселе әлі аяқталған жоқ" деді.

Айта кетейік, жақында Филиппиндік журналист Мария Ресса мен ресейлік журналист Дмитрий Муратовке Нобель сыйлығы берілген. Олар бұл сыйлыққа Филиппин мен Ресейде сөз бостандығын қорғау жолында батыл күрескені үшін лайық деп танылған.

Дмитрий Муратов Нобель бейбітшілік сыйлығын қызмет барысында қаза тапқан ресейлік журналистерге арнайтынын айтқан. Ресей билігі оны Нобель сыйлығының сыйақысы үшін "шетел агенті" деп айыптауы мүмкін екені хабарланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір