• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:43:30
Алматы
+35°

Алматыдағы сот орындаушысын соққыға жыққан Мақсот Ысқақов сотқа арыз жазғаны хабарланды

Мақсот Ысқақов әкімшілік сотқа жеке сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп тану туралы талап арыз берген. Қалалық соттың баспасөз қызметі істі алдын-ала тыңдау 5 қарашаға белгіленгенін хабарлады.

Бұған дейін, 4 қазан күні Алматыда жеке сот орындаушысы Әділ Ермеков қызмет барысында соққыға жығылған. Оны сот шешімімен келіспеген Алматылық тұрғын Мақсот Ысқақов бауыр тұсынан соққан.

Жанжалға кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың қатысы бар деген ақпарат шыққан. Кейін спортшы оқиға орнында болғанын, алайда ешкімді ұрмағанын жеткізген. 

Артынша жанжал кезінде зардап шеккен сот орындаушысы видеоүндеу жариялап, өзіне шабуыл жасаған адамды қаматқысы келетінін айтқан.

Ал Мақсот Ысқақов өз кезегінде полицияға жеке сот орындаушысы мен оның көмекшілерінің әрекеттеріне арыз жазғанын және өзін кінәлі деп санамайтынын хабарлады. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір