• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

26 Қазан, 10:27:25
Алматы
+10°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Президентіміздің «Егіс даласынан дүкен сөресіне дейін» жобасын жүзеге асырып отырған кәсіпкердің бірі - «Қасқасу С» шаруа қожалығы. Қала халқын сапалы мал шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған шаруашылық Қаратау ауданы, Мәртөбе тұрғын алабында орналасқан.

Кәсіпкер тұрғындарды ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қолдауларды пайдалана отырып 2 әлеуметтік дүкен ашты. Осылайша шаруашылықта өндірілген өнімдер делдалсыз тұтынушыға тікелей жеткізілуде.

Бүгінде шаруақожалықта 1200 бас бұқашық бордақылануда. Өткен жылы 330 тоннаға жуық ет өндірілген.

Елбасымыз «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі екенін айтқан болатын. Қазіргі таңда шаруашылық бордақылаумен қоса 600 басқа арналған асыл тұқымды сүтті бағыттағы тауарлы сүт фермасын құруды жоспарлауда. Құрылыс нысаны ағымдағы жылы басталып 2022 жылдың 3 тоқсанында іске қосылмақ. Бұған жұмсалатын инвестициялық салым 2,3 млрд. теңгені құрамақ.

Кәсіпкер асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басты Еурапа елдерінен сатып алады. Ал, сүтті тауарлы ферманы толығымен шет елдік «ДеЛаваль» компаниясының технологиясымен құруды жоспарлауда. Себебі, сүт өндірісінің көлемін арттырып сапалы өнім алудағы заманауй озық технология мен құрал жабдықтар қолданылады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір