13 Қазан, 2021 NEWS
Суретті түсірген Ж.Құспанов
Бүгін мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Бұл заң жобасының негізгі мақсаты - жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын төмендету бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жүргізілетін саясаттың түпкі нәтижесіне қол жеткізу.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин заң жобасы су пайдалануды бақылау жүйесін қарастыруы тиіс екенін атап өтіп, жұмыс тобына екінші оқылымға дейін әзірлеушілермен бірлесіп осы мәселені пысықтау қажеттігін айтты.
Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі заң жобасынан тиісті нормаларды алып тастау ұсынысы өнеркәсіптік кәсіпорындардың, коммерциялық және бюджеттік ұйымдардың суды қалай пайдаланатынын бақылауға мүмкіндік бермейді.
Сондықтан Нұрлан Нығматулин депутаттардың қолданыстағы су тұтынуды бақылау жүйесін сақтау қажеттілігі туралы түзетулерін қолдау керектігін атап өтті.
Жалпы, заң жобасымен экспресс-энергоаудит және мақсатты энергоаудит енгізіледі. Нысанға бармай алдын алу бақылау тәртібі бекітіледі. Сонымен қатар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті энергия үнемдеу жөніндегі жол карталарын әзірлеу және бекіту жөніндегі нормамен толықтырылады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір