• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:08:42
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында алаяқтық пен қаржы пирамидаларының көбейгендігін атап, олардың заңсыз әрекетінен зардап шеккендер жөнінде мәселені қозғаған болатын.

Осыған орай Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Ержан Марат және қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Серік Ергешевтің қатысуымен баспасөз брифингі өтті. Басқосуда қала аумағындағы алаяқтық түрлері мен оның алдын алу шаралары туралы баяндалды.

Биылғы жылдың 8 айында қала аумағында жалпы 8 200-ден астам қылмыс оқиғалары орын алған. Оның 32 пайызы немесе 2 600-ден астамы алаяқтық қылмыстарын құрайды. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 25 процентке өскен.

Алаяқтық қылмыстарның көп кездесетін түрлері: ол-Сеніміне кіру арқылы алдау – 1 300-ден астам (жәбірленушімен жүздесу арқылы алдау: газ құбырын орнатып беру, мемлекет тарапынан бөлінетін әлеуметтік көмекті алып беру, жерді заңдастыруға құжаттарды әзірлеу, көлікті жөндеу, көліктерін сатып беру немесе сатып алу жөнінде алдау, ұялы телефонмен хабарласып алайын деп алып кету (дай позвонить), жиһаз әзірлеп беру, құжаттарды дайындап беру және т.б.).

Өз кезегінде алаяқтық қылмыстарының көпшілігінде жәбірленушілер ақшалай қаражаттарын өздеріне аз таныс адамдарға береді. Немесе интернет желілеріндегі алаяқтардың құрбаны болып жатады. Көрсетілген қылмыстар бойынша жәбірленушілердің көпшілік пайызы тығырыққа тірелгендер болса, екінші жағдайда оңай жолмен мәселелерін шешу жолдарын іздейтіндер. Үшінші жағдайда сауаттылықтың төмендігі, яғни заң талаптарын білмеудің салдары»,- дейді мамандар. Сонымен қатар қалада алаяқтықпен ұқсас келетін қаржы пирамидасы да шарықтап келеді. Бұл қылмыстың түрі өткен жылмен салыстырғанда 78 пайызға артқан.

Серік Ергешев, Шымкент қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары
- Сіздерді кез келген оңай ақша табу жарнамаларына алданбауды, құқықтық біліміңізді көтеруді немесе түсініксіз жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласу арқылы тексеруді және барлықжарнамаларға күмәнмен қарауға шақырамын.

Елімізде қаржылық пирамидалар қызметіне қатаң тыйым салынған. Олар тез ашылып, хабар құқық қорғау органдарына жеткенше жабылып үлгеруде. Осылайша алаяқтар ел азаматтарының қалтасын қағып, халықты қан қақсатып жүр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір