• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:20:00
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласы аумағында жылыту маусымына дайындық шаралары қызу жүргізілуде. Жергілікті билік пен төтеншеліктерден құрылған мобильді топ өкілдері қоғамдық көліктерге мініп жолаушыларға үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

Тұрмыстағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырған төтеншеліктер түсіндірме жұмыстарын қалалық қоғамдық көліктерде жүргізуде. Жылыту маусымы қарсаңында бұл жұмыстар күшейе түскен. Себебі оқыс оқиғаның алдын алу қашанда маңызды дейді мамандар.

Газдан иістенудің және өрттің алдын алу мақсатында төтеншеліктер тарапынан арнайы видеоматериал дайындалып SHYMKENT BUS ЖШС қарамағындағы 150 автобустың және сауда үйлерінде орналасқан лед экрандарда көрсетілуде.

Бұдан бөлек салаға жауаптылар қала аумағында әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған 40 отбасының үйіне дабыл қаққыштар орнатқан. Иісті газ шыққан бойда дабыл қағылып автоматты түрде газ есептегіш өшіріледі. Ал қала тұрғындарының басым көпшілігі сақтық шараларын ұстанатынын айтып, бүлдіршіндерді газ құрылғыларына жолатпайтынын және мұржаларды уақытылы тазртып тұру маңызды екенін айтады.

Айта кетейік ағымдағы жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша жалпы Шымкент қаласында 116 өрт тіркелген Былтырғы жылмен салысытырғанда 8 %-ға азайған. Материалдық шығын көлемі 420 млн. 655 мың теңгені құраған.Қаза тапқандар жоқ. 2 адам жарақат алған. Үй жағдайында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады мамандар.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір