• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 13:43:21
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтің төрағалығымен 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлау алды бағдарламасын жүзеге асыру үшін бекітілген Жол картасының орындалуы бойынша Бюро отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының кезекті мәжілісінде бюро отырысында қарау ұсынылған Жол картасын жүзеге асыруда орындалмау қаупі бар тармақтар қаралып, ол бойынша жауапты басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Ең алдымен, 68 тармақ бойынша Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков есеп беріп, басқармаға қатысты 18 іс-шараның 4- тармағы толық орындалғанын және 12-тармақта көрсетілген жұмыстар жыл соңына дейін толық аяқталатынын, соңғы 2-тармақ келер жылдың еншісінде жүзеге асырылатынын баяндады.

Сондай-ақ, Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков Жол картасының 70-тармағы бойынша 136 гектар құрайтын «Агроиндустриалды аймақ» құру және 71-тармақ бойынша 89 гектар аумаққа жыл сайын 15-20 га жылыжай салудың орындалу барысын ортаға салып, инвесторларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмесе жылыжай кешендерін салу жобалары іске асырылмай қалу қаупі басым екендігін жеткізді.

Бұған қоса, 102 және 104-тармақтардың іске асырылуы бойынша Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ғалымжан Ильясов баяндама жасап, бүгінгі күні қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған тармақтардың жүзеге асырылу барысын жеткізді.

Бюро отырысында баяндалған тармақтардың орындалуы бойынша ұсыныс-пікірлер білдіріліп, сапалы іске асырылуы талқыланды.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, Мұрат Дүйсенбекұлы отырыс соңында қалалық партия филиалы мен жауапты басқарма басшыларына Жол картасында көрсетілген индикаторлардың мерзімінде және сапалы орындауды ұйымдастыруды, орындалмай қалу қаупі бар 9 іс-шараның жұмысын және нысандарға бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын қатаң бақылауға алуды тапсырып, күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылдады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: шымкент Нұротан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір